АСТАНА.KAZINFORM — Құрылыс жұмыстары биыл басталып, келесі жылы аяқталады. Бұл жөнінде Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев Үкімет кулуарында мәлімдеді.
— Экопарктың жобалық-сметалық құжаттамасы дайын. Мердігер анықталды. Қаржыландыру көздері де қарастырылған. № 5 учаскеде, Кіші Талдыкөлде құрылыс жұмыстары жуық арада басталады деп ойлаймын. Жоспар бойынша, келесі жылы тәмамдалады. Экопарктың жобалық жалпы құны — 4,5 млрд теңге, — деді ол ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысынан кейін кулуарда журналистерге берген сұхбатында.
Айта кетейік, бұған дейін Астананың қай аумақтарында жаңа саябақ ашылатынын жазғанбыз.
Алпамыс Файзолла
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де қазақ тілі мен әдебиеті бойынша магистратураны бітірген. Сондай-ақ, Ұлыбританиядағы Абердин университетінде магистратурада оқыған. Республикалық телеарналарда қызмет атқарған. 2026 жылдан бастап «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі.