Оның атап өтуінше, Кіші Талдыкөлдің суын ағызуға қатысты шағым бассейндік инспекцияға түскен. Қазір тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
- Бассейндік инспекция тексеруге кірісті. Олар тексеруді аяқтағаннан кейін ресми ақпарат береміз. Мұндай тексеруді 2-3 күннің ішінде аяқтау мүмкін емес. Өйткені айтарлықтай ауқымды жұмыс істеу қажет. Жаңа Су кодексінің аясында инспекцияға қадағалау және жедел әрекет ету қызметі жүктелген. Біз тексерудің толықтығын қамтамасыз ету және тыңғылықты жауап береміз, - деді министр.
Нұржан Нұржігітов заң бұзушылық анықталған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес шара қолданылатындығын айтты.
Бұған дейін Астанадағы Талдыкөлде қандай жұмыс жүргізіліп жатқанын жазған едік.