«Саясаттанушы Данияр Әшімбаев Үкімет мүшелерінің жұмысына баға бере отырып, А.Шаққалиев, А.Сапаров сияқты әріптестеріңізбен бірге сізді де министрлер арасындағы аутсайдер ретінде атады. Утильалым дауынан кейін қоғам ішінде де сізді отставкаға кетсін деушілер көп. Осыған не айтасыз?» - деп сұрады журналист.
Бұл сұраққа министр жауап берді.
«Мен қандай да бір саясаттанушының пайымына пікір білдіре алмаймын. Оның қарапайым ғана себебі бар. Олар бұл жерде мен жайында ғана емес, өзге де әріптестерім туралы пікір білдірген. Осыған байланысты мен пікір білдіруден тартынып қаламын.
Утильалым бойынша айтсақ, тағы да айтамын, бұл мәселеге байланысты енді ешқандай пікір білдірмейміз. Бұған дейін ресми мәлімдеме жариялағанбыз. Сондықтан ол мәселеге қайта оралмаймыз», - деді Қанат Шарлапаев.