КСРО Халық әртісі, сайқымазақшы Олег Попов дүниеден озды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәрсенбі, 2 қараша күні әлемге танымал сайқымазақшы Олег Поповтың дүниеден озғаны мәлім болды. КСРО Халық әртісі Германияда 86 жасқа қараған шағында қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қайғылы хабарды Мәскеу үлкен циркінің директоры Эдгард Запашный жеткізді. «Олег Попов дүниеден озды. Мұны маған жана ғана «Ресей мемлекеттік циркінің» бас директоры Дмитрий Иванов хабарласып айтты», - деп келтірді Запашныйдың сөзін «КП».

Олег Константинович Попов 1930 жылы 31 шілдеде дүниеге келді. 1951 жылы Саратов циркінде алғашқы рет аренаға шықты. Әртіс «Жайдарлы сайқымазақшы» - еш уақытта мойымайтын адамның образын жасады. Попов Кеңес циркінің Батыс Еуропаға алғашқы гастрольдеріне қатысты. Осы сапарлар оған әлемдік танымалдылық алып келді.