Рейтинг профессор Джеймс МакГан жетекшілігіндегі «Талдау орталықтары және азаматтық қоғам» бағдарламасы аясында құрылады. Америкалық университет 2017 жылы 7815 зерттеу орталықтарының қызметіне талдау жүргізген. Оның 28-і қазақстандық орталықтар болған.
1-кесте. Мемлекеттер бойынша талдау орталықтарының саны
Қазақстан стратегиялық-зерттеулер орталығының (#KAZISS) бүкіләлемдік ақыл-ой орталықтары рейтингіндегі орны.
2017 жылдың қорытындысына сәйкес, «Әлемнің үздік ақыл-ой орталықтары (АҚШ зерттеу орталықтарын қоспағанда)» бүкіләлемдік рейтингінде Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) 140-орынға көтерілді. (2016 жылы бұл топқа ҚСЗИ 147-ші болып енген. Рейтингте 6846 орталықтың қызметі зерттелген). Кезекті рет ҚСЗИ негізгі рейтингке енген жалғыз қазақстандық «ақыл-ой орталығы» атанды.
2-кесте. Талдау орталықтарының бүкіләлемдік топ-рейтингі (АҚШ-ты қоспағанда)
Сонымен бірге, рейтингте 55 түрлі номинация бар, олар 4 негізгі топқа бөлінген. Рейтингтің кейбір номинацияларында ҚСЗИ өз позициясын жақсартып, сақтап қалды. Мысалы, «Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік саласындағы жетекші аналитикалық орталықтар» номинациясында ҚСЗИ 4 орынға көтеріліп, 91 орынды иеленді (2016 жылы 95 орын иеленген), яғни Қазақстан мен Орталық Азия елдерінен бұл номинация бойынша енген жалғыз «аналитикалық орталық» болды.
3-кесте. «Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік саласындағы жетекші аналитикалық орталықтар»
«Орталық Азиядағы жетекші аналитикалық орталықтар» номинациясында ҚСЗИ өз позициясын сақтап, Экономикалық және әлеуметтік даму орталығынан (Әзірбайжан) кейін екінші орынға ие болды. 2017 жылғы рейтинг нәтижесі бойынша осы номинацияда жетекші орындарға Қазақстанның басқа да сараптамалық құрылымдары ие болды: Ұлттық экономика министрлігінің Экономикалық зерттеулер институты (IEI) (8-ші орын), ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы (ӘСЗО) (18-ші орын), Қоғамдық мәселелерді талдау орталығы (28-ші орын), Назарбаев университеті жанындағы Ұлттық талдау орталығы (40-шы орын), ҚР БҒМ ҒК Р.Б.
Сүлейменов атындағы Шығыстану институты (47-ші орын), Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты (49-шы орын), Әлемдік экономика және саясат институты (ӘЭСИ) (51-ші орын), «Нұр Отан» партиясының Саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығы (54-ші орын) және басқалар да бар.
«Энергетика және ресурстық саясат саласындағы жетекші аналитикалық орталықтар» және «Жетекші мемлекеттік аналитикалық орталықтар» атты екі номинация бойынша ҚСЗИ өзінің 2016 жылы иеленген позицияларын сақтап қалды (тиісінше, 28-шы орын және 57-ші орын).
Рейтинг зерттеуге қатысатын орталықтарға, сондай-ақ экономикалық және саяси зерттеулер саласындағы 4 мыңнан астам сарапшылар мен саясаткерлерге, журналистерге жүргізілген сауалнама нәтижелері негізінде құрастырылады. Рейтинг жасаудың қорытынды кезеңіне беделді сарапшылар тобы қатысып, олардың пікірлері бойынша қорытынды шешім шығарылады.
Рейтингті жасау үшін «аналитикалық орталықтарды» жіктейтін географиялық орналасуы, функционалдық және ұйымдастырушылық бағыты, ғылыми-талдамалық жұмыстың сапасы мен беделі, орталықтың «танымалдылығы», брифингтер мен ресми кездесулердің саны сияқты 30-дан астам әртүрлі критерийлерді қолданып, сондай-ақ арнайы жетістіктері үшін бірқатар номинациялар қамтылды.
Әлемдік «Global Go To Think Tank Index Report» рейтингісін жарияламас бұрын дүниежүзінің 150 қаласында, оның ішінде Астанада да «Why Think Tanks Matter 2018» жыл сайынғы жаһандық форумы шеңберінде бір уақытта әр түрлі іс-шаралар өтті.
2018 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) құрылғанына 25 жыл толады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Институтты құру туралы Жарлыққа 1993 жылы 16 маусымда қол қойған болатын.