Кітап жәрмеңкесі: Алматылық оқырмандарға 40% жеңілдік қарастырылған

Фото: Алматы әкімдігі

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыдағы арбатта кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. Оған отандық баспалар қатысып, жаңа туындыларын көпшілікке ұсынды.

Алматы кітапханалары ұйымдастырған шарада қала тұрғындары мен қонақтары классикалық әдебиеттен заманауи бестселлерге дейін әртүрлі тақырыптар мен жанрлардағы кітаптарды сатып алуға болады.

Фото: Алматы әкімдігі

Келушілер музыкалық қойылымдарды тамашалап, кітап авторларымен кездесулер өткізіп жатыр.

Фото: Алматы әкімдігі

Айта кетерлігі, Алматы кітапханаларынан оқырман билетін көрсеткен азаматтарға 10-40% дейін жеңілдіктер қарастырылған.