КҚК-ға шабуыл салдарынан келген шығынды есептеп жатырмыз – Энергетика министрі
АСТАНА. KAZINFORM — Каспий құбыр консорциумына шабуыл салдарынан келген шығын есептелініп жатыр. Бұл туралы бүгін Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов айтты.
- Соңғы шабуылдан кейін Энергетика министрлгі азаматтық инфрақұрылымға, әсіресе аса маңызды саналатын инфрақұрылымға шабуыл жасауға жол беруге болмайтынын мәлімдеді Қазақстан өндіретін мұнайдың 80 пайызы Каспий құбыр консорциумы арқылы экспортқа шығарылатыны ешкімге де құпия емес, - деді министр БАҚ өкілдеріне арналған брифингіде.
Ерлан Ақкенженов КҚК халықаралық заңнамаға сәйкес құрылғанын, акционерлерінің басым бөлігі Еуропа, АҚШ және Қазақстан екенін атап өтті.
- Тек шағын бөлігі ғана реселік компанияға тиесілі. Сондықтан Сыртқы істер министрлігінің саяси мәлімдемесіне сәйкес, Қазақстан азаматтық аса маңызды инфрақұрылымға мұндай шабуылды айыптайды. Біз оған жол беруге болмайды деп санаймыз, - деді министр.
Оның атап өтуінше, алдымен КҚК-ға шабуыл салдарынан келген шығынды бағалау қажет. Содан кейін ғана Қазақстан аталған сомаға байланысты іс-әрекет жасайды.
- Оқиғаның одан ары қалай өрбитініне Сыртқы істер министрлігі түсініктеме береді деп ойлаймын. Энергетика министрлігі тарапынан саяси мәлімдеме болуы мүмкін емес. Біз энергетика саласындағы саясатты жүзеге асыратын органбыз, - деді Ерлан Ақкенженов.
11 желтоқсанда Энергетика министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан КҚК терминалындағы оқыс оқиға салдарынан «4 млн тонна мұнайдан айырылды» деген ақпарат жалған екенін және бұл техникалық көрсеткіштерді дұрыс түсінбеуден туындағанын хабарлады.