Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, экспедиторларды оқыту Қазақстан ұлттық экспедиторлар қауымдастығы Логистика және басқару орталығында өткізілді. Бұл Орталық Азиядағы мамандарды FIATA стандарты бойынша әзірлейтін бірден- бір мекеме.
«Көлік-логистикалық кешені экономиканың маңызды секторы болып саналады. Оның уақыт талабына орай мамандар даярлауы аталмыш саланың дамып келе жатқандығын көрсетеді»,-дейді «KTZ Express» АҚ Адами ресурстарды басқару департаментінің директоры Б. Сәбитова.
Оның айтуынша, компанияда персоналды оқытуға ерекше көңіл бөлінеді. Тек қана тиімді менеджерлер көлік саласының алдына қойылған тапсырмаларындұрыс шеше алады.
«KTZ Express» АҚ Теміржол тасымалы департаментінің бас менеджері Ләззат Жұмашеваның айтуынша, компанияның штат құрамында FIATA дипломдары бар мамандардың болуы халықаралық экспедиторлық тәжірибеде кеңінен қолданылып отырған FIATA құжаттары мен формаларын қолдану құқығын береді.