Бұл жайында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Үкімет отырысында мәлім етті.
Оның айтуына қарағанда, «Қазақстан темір жолы» компаниясын ұлттық көлік-логистикалық компаниясына трансформациялау аясында бірнеше шара қаралып отыр. Олар:
- әлемдік көлік-логистикалық компаниялармен (PSA, DBShenker, CoscoShipping, DPWorld және т. б.) синхрондау, «тар жерлерді» жою және тасымалдау құжаттарымен жіксіз алмасуды, халықаралық нарықтарға қолжетімділікті қамтамасыз ететін Бірыңғай цифрлық дәліз құрумен кооперация жасау;
- PSA компаниясымен бірге көлік дәліздерін цифрландыру;
- Иран, Әзірбайжан, Грузия және Түркия порттарында сыртқы терминалдық желілер құру;
- корпоративтік шешімдерді қабылдауға қатысу, тарифтік саясатты келісу және операциялық қызметті арттыру арқылы «Қазақстан темір жолы» компаниясын операциялық қызметінде мемлекеттік реттеуді күшейту;
- көлік-логистика саласын одан әрі дамыту үшін ғылыми қолданбалы әзірлемелердің ұлттық базасын құру.
«Осы іс-шараларды іске асыру Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында бекітілетін болады», - деді Қайырбек Өскенбаев.