«Өткен жылы локомотивтердің күрт жетіспеу қаупі болды. Дегенмен, бұрынырақ берілген тапсырыстардың арқасында былтыр қосымша 119 локомотив сатып алынды. Биыл тағы 194-і сатып алынады. 2025 жылы — 245 данасы алынады. Осылайша, қажеттілік толығымен шешіледі. Қазіргі уақытта да былтырға қарағанда локомотив тапшылығы мәселесі едәуір шешіліп отыр», — деді министр Сенаттың жалпы отырысында депутаттардың сауалына орай.
12:44, 15 Ақпан 2024
ҚТЖ биыл 194 локомотив сатып алады — Марат Қарабаев
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазақстан темір жолы» компаниясы алдағы екі жылда 364 локомотив сатып алады. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев айтты.