ҚТЖ бірқатар халықаралық келісімге қол қойды

Фото: Фото: «Самұрық-Қазына» қоры

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға ресми сапары аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ делегациясы бірқатар халықаралық іс-шараларға, оның ішінде «Бір белдеу, бір жол» үшінші халықаралық форумына қатысты, деп хабарлайды Kazinform. 

«Самұрық-Қазына» қоры баспасөз қызметінің мәліметінше, Қытай темір жолдарының басшыларымен, CRRC, Huawei, «Ляньюньган порты» МК» ЖШҚ және басқа серіктестермен кездесу өткізілді. Бірқатар құжатқа қол қойылды, соның ішінде: қытайлық ең ірі CRRC корпорациясымен локомотивтерді сатып алу туралы негіздемелік келісім және «Ляньюньган порты» МК» ЖШҚ-мен ынтымақтастық туралы келісім.

Кездесу барысында 10 жылдығы биыл аталып өтіп жатқан «Бір белдеу, бір жол» бастамасының негізгі буынына айналған Қазақстанның стратегиялық рөлі ерекше паш етілді. 

Фото: «Самұрық-Қазына» Қорының ресми

Осы онжылдықта Қазақстан мен Қытай арасындағы контейнерлік жүк айналымы 6,5 млн контейнерден асты. Бұл ретте Қытай - Еуропа - Қытай бағытындағы көлем 100 еседен астам өсті (2013 жылғы 7,6 мың контейнерден 2022 жылы 790 мың контейнерге дейін).