ҚТЖ-да әмбабап көлік операторы құрылмақ

АСТАНА. 24 қыркүйек. ҚазАқпарат - «Қазақстан темір жолы» АҚ (ҚТЖ) мультимодальді оператор құруда. Құрылым теміржол, теңіз, автотасымал салаларын, айлақ инфрақұрылымы мен терминал желілерін бір ортаға шоғырландырмақ.

ҚТЖ бұл туралы көлік логистикасы мәселелері жөніндегі жұмыс тобының қорытындысынан кейін таратты, деп хабарлайды Халықтық IPO бағдарламасының ресми сайты.

Көлік логистикасы нысандарын басқару үшін Dubai Port World және Swissport сынды танымал халықаралық операторлар тартылады. Алғашқысы Ақтау теңіз айлағын, ал екіншісі әуежайларды басқарумен айналысады. Сонымен қатар «Транзит және мультимодальдік тасымалдау туралы» ҚР заңының жобасына ұсыныстар әзірлеу және енгізу, сондай-ақ «Қорғас-Шығыс қақпа» АЭА» АҚ жобаларын іске асыру мәселелері бойынша жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды. Бұл ұсыныстар Қазақстанның «KAZLOGISTICS» көлік одағы президиумының қарауына енгізілетін болады, одан кейін Үкімет пен Көлік және коммуникация министрлігінің қарауына шығарылады.

«Қазақстан темір жолы» АҚ «Халықтық IPO» бағдарламасы аясында ацияларын орналастыру жоспарланып отырған мемлектттік компаниялар тізіміне кіреді.