ҚТЖ директоры Қазақстан астығының Өзбекстан шекарасында кептелгені үшін жауапқа тартылды

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов Мәжіліс депутатының сауалына жолдаған жауапта алаяқтар қазақстандықтарды көбіне кімнің хабарласып алдайтынын айтты.

- Астық тиеу көлемінің ұлғаюына байланысты Өзбекстан Республикасының аумағындағы өткізу пункттерінде жүк ағынының маусымдық қиындықтары байқалды. Бұл Ташкент теміржол торабының кірме жолдарының шамадан тыс жүктелуіне әкелді, - деп жазады Премьер-министр.

Осыған байланысты Өзбекстан Республикасының Үкіметімен және тиісті ведомстволармен бірге кешенді шаралар қабылдап, нәтижесінде Сарыағаш стансасындағы вагондар саны 11,5-тен 7,5 мыңға дейін төмендеген.

- «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының өндірістік процестер жөніндегі басқарушы директоры Б.П. Орынбасаров тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Еске салсақ, 2025 жылдың аяғында Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы вагондардың кешігуі жиілеген болатын.