Қазiр өрт сөндiрушiлер жалынды түгел ауыздықтаған. Алайда, өрттiң салдары толық жойылған жоқ, сондықтан, қызметкерлер әзiрге далада тұр.
Ал, Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментiнiң хабарлауынша, өрт туралы қоңырау сағат 16.18-де шалынған.
"Өрт сөндiру жұмыстары әлi аяқталған жоқ, халықты далаға шығарып жатырмыз. Қызыл жалынды ауыздықтауға 15 техника тартылды. Өрт сөндiрушiлер ғимараттың жетiншi қабатының сыртқы қаптамасы өртенгенiн анықтады. Өрт туралы бiзге сағат 16.18-де хабар келіп түсті", - делiнген ТЖД баспасөз қызметi берген ақпаратта.