«Биылғы 23 тамызда Алтынкөл станциясында Қытайдан жеткізілген автомобильдердің ірі партиясы сәтті қабылданды. Осы тасымалдау шеңберінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арнайы автоторларға орналастырылған 280 автомобиль жеткізіледі», — деп жазды ұлттық компаниядан.
Бұдан әрі автомобильдер соңғы нүктеге — Алматы қаласына дейін жеткізіліп, логистикалық тізбек аяқталады.
Айта кетейік, бұған дейін Үкімет көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жүйелі шаралар кешенін қабылдағанын жазғанбыз.