Сапар барысында өндірістік алаңдар, болашақ арнайы экономикалық аймақ еңбеккерлеріне арналған қалашықтың іргетасы қаланып жатқандығы байқалды. «Мердігерлік бригадалар белгіленген кестеден кешікпей құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Нысандарды пайдалануға беру биылғы маусымнан кешіктірілмеуі тиіс,- деп атап өтті А. Мамин. Оның сыртында, кеңес барысында таяу арада өндірістік алаңның, АЭА еңбеккерлеріне арналған қалашықтың қабырғасы қаланатындығы белгілі болды. Айта кету керек, трансұлттық жоба «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА құрғақ порты кешенінің алғашқы кезеңі өткен жылдың соңында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен өткізілген телекөпір кезінде іске қосылған болатын.
22:45, 19 Қаңтар 2015
ҚТЖ «Қорғас -Шығыс қақпасы» АЭА нысандарын биыл маусымда пайдалануға береді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті А. Мамин мен Алматы облысының әкімі А. Баталов жұмыс сапарымен «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймақ құрылыс нысандарын аралады, деп хабарлады «ҚТЖ-ның» баспасөз қызметінен.