«Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АК-ның еңбек ұжымы ел экономикасының ілгерілеуіне, Қазақстанның көлік-логистикалық кешенін дамытуға үлес қосып, ғаламдық және аймақтық көлік желісіне қосылу жолында қажырлы қызмет көрсетіп келеді»,- деп атап өтті компания басшысы.
Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында жаңа Еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды одан әрі дамытуға ерекше назар аударып отыр.
«Біз қазақстандық жолаушылар тасымалы мен трансқазақстандық бағдарға жүк ағындарын өсіре түсудеміз»,-деді Алпысбаев.
Сондай-ақ ол Ұлттық компанияның алдында тұрған Қазақстанның транзиттік көлік әлеуетін дамыту жұмыстарының табысты жүзеге асырылатындығына сенім білдірді.
Компанияның барлық құрылымдық бөлімшелері Наурыз мейрамы қарсаңындағы ұйымдастырылған спорттық шаралар, түрлі байқаулар, мәдени бағдарламаларға қатысты.
«Көктемгі шуақ» қайырымдылық акциясы өткізілді. Акция аясында теміржол саласының ардагерлеріне, көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға түрлі сый-сыяпаттар жасалды.
«Наурыз мейрамы» мерекесі «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның барлық аймақтық бөлімшелерінде жалғасын тапты.