деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметі.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның президенті Асқар Мамин «Бүкілресейлік темір жол ғылыми зерттеу институты» ААҚ-ның бас директоры Борис Лапидуспен кездесу өткізді. Кездесу аясында екі тарап өзара ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойды», - делінген таратылған ақпаратта.
Тараптар жоғары жылдамдықты қозғалыс саласында бірлескен зерттеу жүргізуге, қайта жаңғырту мен жаңа технологиялар және инновациялық технологиялар саласында ынтымақтастық орнатуға, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның ғылыми-техникалық кадрларын аталмыш институт аясында оқытуға уағдаласты.