— 23 мамырда ресми баспасөз релизін таратқанбыз. Иә, квазимемлекеттік секторды жекешелендіру туралы Үкіметтің 2025 жылғы қаулысына сәйкес, «ҚТЖ»-ның ІРО-дағы таргеті 2026 жылы деп көрсетілген. «Самұрық қоры» да, «ҚТЖ» да осы мақсатты ұстанамыз. Қазір біз Лондон мен Гонконгтың, Қазақстанның жергілікті биржасында болатын халықаралық ІРО-ға, үшжақты листингке қызу дайындалып жатырмыз, — деді ол.
«Самұрық» өкілі бұл процесс көп уақыт алатынын атап өтті.
— Қазір соған баса назар аударып жатырмыз. Листинг талабы бойынша басқа мәліметтерді аша алмаймыз. Бірақ таргет 2026 жылы болады, — деді Ғибрат Ауғанов.
Еске салсақ, өткен аптада БАҚ Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевқа сілтеме жасап, ҚТЖ-ның IPO-сы 2027 жылға шегерілгенін хабарлаған болатын.
Айта кетейік, елімізде теміржолшыларға алғашқы жарнасыз 4 пайыздық ипотека беріледі.