ҚТЖ отандық компаниялардан тауарларды сатып алу көлемін арттырды

None
АСТАНА. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат – Бүгін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ ұйымдары топтарының сатып алуды жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңесі болып өтті. Іс-шараға «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ қамтамасыз ету жөніндегі вице-президенті Ерік Сұлтанов қатысты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Е.Сұлтанов өз баяндамасында Мемлекет басшысының 2008 жылғы қазанның 13-інде ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына байланысты және акционер «Қазақстан теміржолы» Ұлттық компаниясы» АҚ ? «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ тапсырмасы бойынша ұлттық компания тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды жүзеге асырудың ережесін әзірледі. Ережені «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ директорлар кеңесі 2008 жылғы желтоқсанның 8-інде бекітті.Ережеге сай Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін шешу нормалары көзделген. Жалпы алғанда, ережеде сатып алу рәсімдерін барынша жеңілдету қарастырылған. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның жылдық сатып алу жоспары 336, 99 млрд. теңгені құрайды. Олардың ішінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ компаниясы ұйымдары топтарының жоспарланған сатып алуы 234,5 млрд. теңгені немесе жалпы сатып алу жоспарының 69,58 пайызын, отын ? 2,99 млрд. теңгені немесе жалпы сатып алу жоспарының 0,89 пайызын, электр энергиясы ? 5,4 млрд. теңгені немесе 1,61 пайызды, жалпы негізде сатып алулар ? 94,1 млрд. теңгені немесе 27,92 пайызды құрайды, ? деп хабардар етті кеңеске қатысушыларды Е.Сұлтанов.«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ ұйымдары топтарының сатып алуды жүзеге асыру мәселелері жөнінде өткен кеңестің қорытындылары бойынша сатып алудың бірыңғай ережесі қабылданғаны мәлімделді.