ҚТЖ штаттағы қызметкерлердің санын және жалақы деңгейін төмендетпейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ шығындарды азайту барысында штаттағы қызметкерлердің санын және жалақы деңгейін төмендетпейді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте компанияның корпоративті даму бойынша атқарушы директоры Еркін Жусанбаев мәлім етті.

«Қазақстандық экспорттаушылардың даму қарқынының әлсіреуіне байланысты орын алып отырған дағдарыстың әсері біздің өндірістік көрсеткіштерімізге де ықпал ететіні рас. Соған байланысты ішкі жоспарларымыз да қайта қаралады, соның ішінде еңбек қатынастары да бар. Жалпы бірқатар шаралар қолға алынады, бірақ олардың қызметкерлердің санын қысқартуға немесе олардың жалақыларын төмендетуге еш қатысы жоқ», - деп атап өтті ол.