Компанияның баспасөз қызметінен хабарлағандай, демалыс күндері қар көп түсіп, теміржолшылар пойыздардың тоқтап қалуына жол бермеу үшін үзіліссіз жұмыс істеген.
« 20-23 қаңтар аралығында, үш тәулікте 12 мың шақырым теміржол бойы тазаланып, 30 мың тоннадан астам қар шығарылды. Қар тазалау үшін теміржол шаруашылығы бөлімінің 7 мыңнан аса қызметкері жұмыс істеді. Қар тазалау жұмыстарына 200-ге жуық арнайы техника тартылды»,-деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы, Магистральды желі дирекциясының атқарушы директоры Бауыржан Уәлидің айтуынша, 7 мыңнан аса қызметкерлер мен қар тазалау техникаларының тең жартысы Ақмола мен Ақтөбе магистральдық желісінде жұмыс істеген.