Аталған мәселе ҚР Үкіметінің қаңтарда бекітілген «Өнеркәсіп кәсіпорындарын қолдаудың 2015 жылға арналған жоспарлы шаралары» туралы маңызды құжатты жүзеге асырудан туындады. Серіктестік туралы Меморандум еліміздің экономикасын одан әрі дамытудың ауқымды мемлекеттік шараларына арналған. Оның ішінде өндірістегі қазақстандық үлесті көбейту мен жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтудың маңызы зор. Меморандумға қол қою арқылы темір жол көлігі саласындағы бірқатар бірлескен инновациялық жобалар жүзеге асырылып, компанияның өндірістік әлеуетін арттырады. Отандық тауар өндірушілер қолдау табады. Таяу арада «ҚТЖ» ҰК» АҚ Астана қаласының бірқатар өндірістік кәсіпорындарымен өзара серіктестік туралы уағдаластыққа қол қоюды жоспарлап отыр.
02:10, 06 Ақпан 2015
«ҚТЖ» ҰК» АҚ 9 облыстың әкімдігімен серіктестік туралы Меморандумға қол қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚТЖ» ҰК» АҚ Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Шығыс-Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктерімен жалпы құны 68,4 млрд теңгенің серіктестік туралы Меморандумына қол қойды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.