Қабашев Мақсат Рақымжанұлы 1967 жылы 1 қаңтарда туған. 1991 жылыМәскеу ормантехникалық институтын (инженер-технолог мамандығы бойынша), 2000 жылы Қазақ ұлттық-техникалық университетін (инженер-механик мамандығы бойынша), 2004 жылы Массачусетс технологиялық институтын, Sloan Business School бітірген. Дәрежесі - Master of Business Administration.
1991-1993 - Қазақ мемлекеттік сәулет-Құрылыс академиясының сынақ мерзімінен өтуші-зерттеушісі; 1993-1997 - «Қазмұнайхим» ЖАҚ коммерциялық директоры. 1997-1999 - «Қазақгаз» ҰК президенті; 1999-2000 - РФ-дағы «Қазақойл» ҰК өкілдігінің директоры. 2000-2001- ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің газ өндіру және тасымалдау басқармасының бастығы. 2001-2002 - ҚР Индустрия және сауда министрлігінде министр кеңесшісі. 2004-2006 - «Ұлттық инновациялық қор» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
2006-2007 - «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ басқарушы директоры.
2007-2008 - «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ басқарма төрағасының инвестициялар жөніндегі орынбасары. 01.2008-12.2008 - Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ басқармасының төрағасы. 12.2008-02.2009 - «Стрестік активтер қоры» АҚ басқармасының төрағасы. 02.2009-10.10.20013 - «Альянс банк» АҚ басқарма төрағасы. 03.2014 - 06.2015 - «Қазақстандық қор биржасы» АҚ басқарма төрағасы.