ESG-дің әрбір компоненті бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ бағалары келесідей: экологиялық – 53 балл, әлеуметтік – 59 балл, корпоративтік басқару – 57 балл.
Берілген ESG бағасы Компанияның тұрақты даму саласындағы қызметінің тиімділігі жоғары екендігін куәландырады және Компанияның ESG факторларын өз бизнес-процестеріне ықпалдастыруға әзір әрі өте қабілетті екендігін көрсетеді.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Moody's ESG Solutions» нұсқасы бойынша ең жоғары көрсеткіштері бар ТОП-25% компаниялар қатарына кірді.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ тұрақты дамуға жоғары мән бере отырып, ESG факторларын өз қызметіне ықпалдастыру жұмысын белсенді түрде жалғастырмақ.