Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, қазақстандық делегация құрамына компанияның көлік секторындағы, жаңа технология, ғылым және экология саласындағы жас мамандары кірді.
Фестивальда «Әлемдік теміржол желісі-болашақтың жемісі» атты тақырыпта пікірсайыс өтті. Онда қазақстанық жастар өз ойларын ортаға салды. Сондай-ақ делегация өкілдері теміржолшылардың квесте, форсайт-сессиясы, TED-talk интеллектуальдық конференциясына, спорттық ойындарға, шеберлік сыныптарына, пікірсайыс алаңдарына қатысты.
«Қазақстандықтарды әсіресе, «Әлемдік көлік жүйесі -2030» форсайт сессиясы қатты қызықтырды. Ол арқылы енді он үш жылдан кейін теміржол саласы қалай дамиды деген болжам жасалды. Қатысушылар көптеген қызықты идеяларды, оның ішінде теміржолға жасанды интеллекті қолдану туралы пікірлерін білдірді»,-дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Адами ресурстарды басқару департаментінің менеджері А. Сейтбаева.
Оның айтуынша, фестиваль көптеген елдердің жастарына кәсіби біліктілігін көтеруге мүмкіндік берді. Шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасты. Жаңа достар мен әріптестер тапты.