«ҚТЖ» ҰК» АҚ тобы бес жылға арналған 450 млн. доллардың еурооблигациясын өтеді

АНА. 12 мамыр. ҚазАқпарат - 2011 жылғы мамырдың 11-інде «ҚТЖ» ҰК» АҚ тобы бес жылға арналған 2006 жылы мамырдың 11-інде шығарылған 450 млн. АҚШ доллары болатын еурооблигацияны өтеді,

деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметі атап өткендей, бес жылдық еурооблигацияны өтеу компанияның несиені жабуға бағытталып жинақталған қоры есебінен жүргізілді. Компанияның қарызын дер кезінде өтеуі оның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді. Сондай-ақ, қарыз алу мен несиелендіру саясатының сапалы жүргізілгендігін дәйектейді.

«Қазіргі кезде компанияның қарыз қоржынында он жылға арналған 2016 жылы өтеуді қажет ететін 350 млн. АҚШ доллары көлеміндегі қаржысы және 2020 жылы өтеуді қажет ететін 700 млн. АҚШ доллары көлемінде қарыздары бар», - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Соңғы еурооблигацияның шығарылуы компанияға институциональдық инвесторлардың қызығушылығы туып отырғандығын айғақтайды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ болашақта аса маңызды қадамдарын жалғастырады. Сондай-ақ, компанияға сенім артқан инвесторларға алғысын білдіреді.