Баспасөз мәліметіне қарағанда, Негізгі бағыттар Орта Азия (220 мың тонна), Кавказ елдері (103 мың тонна), Ресей және Қара теңіз бен Балтық теңізі (238мың тонна) бағдары сақталды. Иранға Ақтау халықаралық теңіз сауда порты арқылы (88 мың тонна), Өзен - Түркіменстанмен мемлекеттік шекара арқылы 58 мың тонна астық жөнелтілді.
Қытай бағдарына 54 мың тонна, Ауғанстанға 8 мың тонна астық жіберілді. Ұн өнімдерін жөнелту 214,6 мың тонна құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 48 мың тоннаға (29%) артық. Оның ішінде экспортқа 164,8 мың тонна шығарылып, 77% құрады. Өзбекстанға 97 мың тонна, Ауғанстанға 29 мың тонна, Тәжікстанға 19 мың тонна, Түркіменстанға 9 мың тонна, Қырғызстанға 7 мың тонна ұн өнімдері жөнелтілді.
Өткен маркетингілік жылы (шілде - желтоқсан) 4,5 миллион тонна астық тиелді. Оның 3,1 миллион тоннасы экспортқа шығарылды. Аталмыш мерзімде 1,3 миллион тонна ұн тиелсе, оның бір миллион тоннасы сыртқа шығарылды.