«ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ филиалының басшылығы пара алып, сотталды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайда «ҚТЖ – Жүк тасымалы» филиалының басшылығы пара алып, сотталды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жәнесыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойыншафилиалы «Қазақстан темір жолы – Жүк тасымалы» АҚ Қостанай облысындағыфилиалының директоры Б.Қайдаровқа, орынбасары Н.Құрманалиновке және Қостанайстансасы бастығының орынбасары А.Алматовқа қатысты сотқа дейінгі тергеужұмыстарын аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметінесілтеме жасап.

«Алматов, Құрманалинов және Қайдаров бір топ болыпвагондарды теміржолдың тұйықталған басына жеткізу үшін заңды және жекекәсіпкерлердің өкілдерінен жүйелі негізде пара алған. 20 тамыз күні Қостанайқаласы №2 соты Қайдаровты 6 жылға, Алматов пен Құрманалиновті 4 жылға басбостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Олар жазасын қылмыстық-атқаружүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде өтейтін болады», - делінгенхабарламада.

Ведомствода мәлім еткендей, сотталушылар өмір бойымемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.