Осы факті бойынша прокуратура «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС атына заңбұзушылықтарды, оларды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою, сондай-ақ кінәлі адамдарды жауапқа тарту жөнінде ұсыныс енгізген.
Алайда мұндай жағдайды түзетудің және оған жол бермеудің орнына «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директорының м.а. М.К.Көкрекбаев «Прокуратура туралы» Конституциялық заңның 36-бабының талаптарына сәйкес келмейтін хатпен жауап берген.
Атап айтқанда, М. Көкрекбаев прокурордың ұсынуы бойынша шара қабылдаған жоқ: локомотивтің жиыны «оқиға» ретінде сараланбаған, жылжымалы құрамның арнайы сигналдарының іске қосылуының 3 жағдайы (темір жолға құлау, жылжымалы құрамның бөлшектерін тарту) қозғалыс қауіпсіздігін бұзу ретінде есепке алынбаған және «оқиға» ретінде сараланбаған.
Бұл көлік прокурорының ӘҚБтК-нің 664-бабы бойынша іс қозғауына негіз болды (прокурордың ұсынуы бойынша шара қолданбау).
Нәтижесінде сот М.К.Көкрекбаевты жоғарыда аталған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, әкімшілік айыппұл салды.
Сот шешімі заңды күшіне енді.