Куала-Лумпурда ХОК сессиясы ашылады, онда Олимпиада-2022 астанасы таңдалады
Қазіргі кезде дауыс беру құқығына ұйым мүшесі болып отырған 105 адамның хақысы бар. Куала-Лумпурда олар сондай-ақ 2020 жылғы қысқы жасөспірімдер Олимпиадалық ойындарының астанасын таңдайды - оған швейцариялық Лозанна мен румындық Брашова үміткер болып отыр. Бұдан басқа, алдағы сессиядағы қаралатын маңызды мәселелердің бірі Монакода желтоқсанда қабылданған Олимпиадалық қозғалысты дамыту стратегиясын («Күн тәртібі»-2020) жүзеге асыруды бағалау болмақ.
128-ші сессияның ашылуы бейсенбіде өтеді, алайда ХОК мүшелері өз жұмысын келесі күні бастайды. Сессияның күн тәртібіне сондай-ақ 2018 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілетін өзгерістер бойынша дауыс беру де енгізілген. 2 тамызда сессияда Оңтүстік Суданды олимпиадалық қозғалыстың толыққанды мүшесі етіп тану туралы дауыс беру өтеді, ол бүгінде азаматтық соғыс жүріп жатқан осы елдің 2016 жылы Олимпиадалық ойындарға қосылуына мүмкіндік береді. ХОК 128-ші сессиясы 3 тамызға дейін созылады. Ал оның келесі сессиясы 2016 жылғы шілдеде Рио-де-Жанейрода Олимпиадалық ойындар қарсаңында өтпек.