«Біз оларды тұтқындап, қастандық әрекеттерін іске асыруға жол бермедік», - деді елдің бас полицейі.
Құқық қорғау органдарының деректеріне сүйенсек, 26-33 жас аралығындағы Йемен азаматтары 26 ақпан күні лаңкестікке қарсы рейд кезінде ұсталған. Күдіктілер арасында Малайзияның жекеменшік университеттерінің студенттері бар, тағы бір күдікті жергілікті мейрамханалардың бірінде жұмыс істейді.
Сауд Арабиясының Королі Сальман бен Абдель Азиз Аль Сауд делегаттарымен 26 ақпан күні Малайзияға келді. Бұл оның Куала-Лумпурге алғашқы ресми сапары.