Қуандық Бишімбаевтың ісі апелляциялық сотқа жіберілді

Фото: Диана Бижанова/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Экс-шенеунік Қуандық Бишімбаевқа кесілген сот үкімін қайта қарау бойынша арыз түсті.

Бұл ақпаратты Астана қалалық сотының баспасөз қызметі растап отыр.

Айта кетейік, Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды

Еске салсақ, 2023 жылы 9 қарашада Астанадағы «Bau» мейрамханасында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзінің жұбайын соққыға жықты. Әйел жедел жәрдем жеткенше көз жұмды.

Сондай-ақ, экс-шенеуніктің мерзімінен бұрын босап шығуы мүмкін бе, деген тақырыпта шолу жасаған едік.

Одан бөлек, Қ. Бишімбаевтың мерзімінен бұрын босап шығуына кімдердің келісімі керек екендігіне қатысты Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекованың пікірін білдік.