Бұл ақпаратты Астана қалалық сотының баспасөз қызметі растап отыр.
Айта кетейік, Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды.
Еске салсақ, 2023 жылы 9 қарашада Астанадағы «Bau» мейрамханасында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзінің жұбайын соққыға жықты. Әйел жедел жәрдем жеткенше көз жұмды.
Сондай-ақ, экс-шенеуніктің мерзімінен бұрын босап шығуы мүмкін бе, деген тақырыпта шолу жасаған едік.
Одан бөлек, Қ. Бишімбаевтың мерзімінен бұрын босап шығуына кімдердің келісімі керек екендігіне қатысты Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекованың пікірін білдік.