Қуаныш Қарақұлов «Ақжайық» футбол командасының бас бапкері болды
03:21, 28 Наурыз 2024
ОРАЛ. KAZINFORM — Қуаныш Қарақұлов «Ақжайық» футбол командасының бас бапкері болып тағайындалды.
«Ақжайық» футбол клубының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Қуаныш Қарақұлов ойыншы ретінде «Жігер», «Ордабасы», «Оқжетпес», «Атырау» сияқты командаларда доп тепті.
Бапкер ретінде «Мақтаарал», «Академия Оңтүстік» секілді командаларды жаттықтырды.
«Ақжайық» биыл да бірінші лигада өнер көрсетеді. Өткен маусымда төртінші орыннан көрініп, премьер-лигаға шыға алмаған еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайықтың» тұйықтан неге шыға алмай келе жатқанын жазған болатынбыз.