Қуанышбек Есекеев ҚР Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды

Фото: Казахтелеком Facebook парақшасы

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысының өкімімен Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.

Қуанышбек Есекеев 1975 жылы Алматыда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін қолданбалы математика мамандығы бойынша бітірген.

Ғылыми атақтары, дәрежелері, қызметі:

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасы (1998)

Математика ғылымдарының кандидаты, диссертация тақырыбы: «Біртекті емес сұйықтықтар динамикасындағы кейбір есептердің шешілуі» (1997 ж.)

Еңбек жолы: 1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аға оқытушысы. «Мәлімет» компьютерлік зертханасының меңгерушісі;

1998-2000 жылдары «Қазақойл» ҰМГК» ЖАҚ бөлім бастығы, ақпараттық технологиялар департаментінің директоры, техникалық қызмет көрсету басқармасының бастығы;

2000-2002 жылдары «Қазақстан темір жолы» РМК бас инженерінің кеңесшісі, бас бөлім бастығы, ақпараттық технологиялар департаментінің директоры;

2002-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Ақпараттандыру және инновациялар департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры;

2004-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Ақпарат және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары;

2006-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Ақпарат және байланыс агенттігі төрағасының м.а.;

2007-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Ақпарат және байланыс агенттігінің төрағасы;

«Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы (03.03.2010 ж., өкілеттігі 15.03.2016 ж. бастап ұзартылды, 16.03.2022 қайта сайланды).

2003-2005 жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» ЖАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі;

2006-2007 жылдары «Kazsatnet» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы;

2006 жылы «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (2018 ж. қайта сайланған);

2008 жылы «Зерде» ұлттық инфокоммуникация кешені» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы;

2008-2010 жылдары «Парасат» ҰҒТХ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі;

2019-2022 жылы «Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі;

2019 жылдан бастап Байланыс саласын дамыту мәселелерін қарау жөніндегі Байланыс операторлары кеңесінің мүшесі қызметін атқаруда.

Соңғы жылдары «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.

«Құрмет» (2011), «Парасат» (2018) ордендерімен марапатталған.