Қуанышбек Есекеев Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысының Жарлығымен Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

— Мемлекет басшысының Жарлығымен Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, — деп жазды Ақорданың баспасөз қызметі.