Баден-Вюртемберг фермерлері қауымдастығының мәліметінше, қазір шаруашылықтардағы жем-шөп қоры жылдың осы кезеңіндегі қалыпты деңгейден 30–40%-ға төмен.
Қуаңшылық салдарынан шабындықтар қурап, жаңа шөп іс жүзінде өспей қалды. Бұл фермерлерге алдағы апталарда жем-шөп қорын толықтыруға мүмкіндік бермей отыр.
Соның салдарынан шаруашылықтар мал басын қысқартуға және жануарларды жоспарланған мерзімнен ертерек союға жіберуге мәжбүр. Қазірдің өзінде мал сою орындарында кезек пайда болған.
Әсіресе Баварияда — Франкония, Төменгі Бавария және Жоғарғы Пфальц өңірлерінде жағдай күрделі. Қолдау шараларының бірі ретінде Ауыл шаруашылығы министрлігі жем-шөп өндіруге арналған қосымша жер учаскелерін бөлді.
Фермерлер қауымдастығы жағдайды өте күрделі деп бағалаған.
Гессендегі ауыл шаруашылығы өндірушілері де жем-шөп тапшылығына тап болды. Онда былтырғы жылмен салыстырғанда сойылған мал саны қазірдің өзінде артқан.
Бұл ретте қуаңшылық пен аптап ыстық әлі де жалғасып жатыр. Бұл алдағы уақытта ауыл шаруашылығына түсетін қысымды және жем-шөп қорына қатысты қиындықтарды күшейтуі мүмкін.
Kazinform үшін БЕЛТА серіктес агенттігі ұсынған.
Сондай-ақ биыл Германияда аптап ыстық салдарынан 12 мыңнан астам адам қайтыс болғаны хабарланған еді.