АСТАНА. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгінгі күннен бастап елорданың тұрғындары мен қонақтары Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына билеттерді интернет арқылы сатып ала алады.
Елорданың ресми сайтының жазуынша, электронды билеттер kazbilet.kz порталы арқылы жұма, сенбі және жексенбі күні қойылатын спектакльдерге сатылады.
Қазірдің өзінде билеттерді онлайн арқылы сату 21 желтоқсандағы «Қыздар-ай» спектаклінің тұсаукесері мен 22 желтоқсандағы «Гамлет» қойылымына жүргізілуде.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.