Қуанышбек Есекеев «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы қызметіне сайланды

АСТАНА. Наурыздың 15-і. ҚазАқпарат - «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы қызметіне Қуанышбек Есекеев сайланды,

деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

«2010 жылғы наурыздың 15-інде «Қазақтелеком» АҚ директорлар кеңесі «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы қызметіне Қуанышбек Есекееті сайлады», - делінген компанияның ресми хабарламасында.

Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеев 1975 жылы маусымның 10-да Алматы қаласында туған. 1995 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін қолданбалы математика мамандығы бойынша бітірді, математика ғылымдарының кандидаты.

Қ.Есекеев 2002 жылдан бері мемлекеттік қызметте. Қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінде ақпараттандыру мәселелерін басқарды, ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары қызметінде болды.

2007 жылғы ақпаннан 2010 жылғы наурыз айына дейін ҚР Ақпаратттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы міндетін атқарып келді.