«Талапкер ауылында 14 мыңнан аса адам тұрады. 2500 адам бір уақыт ішінде елорданың шетінде орналасқан 6 базалық станцияға қосылады. Бұл базалық станциялар Талапкердегі жүктемені ұстап тұр», - деп атап өтті «Қазақтелеком» Қуанышбек Есекеев.
Ал Қажымұқан ауылында 2900 адам тіршілік кешіп жатыр.
«Қажымұқан ауылынан 4 шақырымдық жердегі Максимовка ауылында Tele2, Altel-дің базалық станциясы бар. Операторлар желілік қызмет сапалы болуы үшін жұмыс істеп жатыр. Күніне осындай мәселеге қатысты орташа есеппен 150-ге жуық сұрақ түседі. Тұтынушыларға ыңғайлы болуы үшін бәрін істейміз», - дейді «Қазақтелеком» АҚ басқарма басшысы.