Қ. Артықбаев 1968 жылы Алтай өлкесінің Қара-кесек ауылында дүниеге келді, 1993 жылы Сверлов заң институтын тәмамдады.
Прокуратура органдарында 1993 жылдан бастап еңбек етті, облыс прокуратурасында әлеуметтік-экономикалық салада заңдылықты қадағалау жөніндегі бөлімнің басшысы, Лебяжі ауданының прокуроры, Павлодар облысы прокуратурасында жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау жөніндегі басқарма басшысы, ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі болды.
Сыныптық шені - юстицияның аға кеңесшісі.