Оның қарсыласы украиндық файтер Роман Головинов (10-4) болды. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек үш раундқа жоспарланған еді, алайда Қуат Хамит қарсыласын бірінші раундта буындырып тастады. ОСылайша жерлесіміз ММА-дағы спорттық мансабында 23-жеңісіне қол жеткізді және MFC промоушнының чемпиондық белдігін иеленді. Ал Роман Головинов болса, спорттағы жолында бесінші рет жеңіліс тапты.
Бұл — Қуаттың 2021 жылғы екінші жекпе-жегі. Біріншісі қаңтар айында өткен еді. Онда Хамитов қарсыласы ресейлік Максим Пантелеевті (0-1) 49 секундта нокутқа түсірген болатын.