Қуат Хамитов: Мен үшін халқымның қуанышы кез келген белбеуден артық

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Чемпиндық белбеуге үміткер жеңіл салмақтағы (70.3 кг) Қуат Хамитов өзінің Магомедсайгид Алибековпен FIGHT NIGHTS GLOBAL турниріндегі айқаста өзін ынталандыратын, жігер беретін жайт туралы айтып берді (Владивосток, 21 сәуір), деп хабарлайды sports.kz.

«Өздеріңіз де білесіздер, FIGHT NIGHTS GLOBAL турнирінің алғашқы чемпионы атану, бұл тамаша, бұл тарих. Миллиондаған адамдар бұл оқиғаны көреді. Менің үш рет әлем чемпионы болғанымды білесіздер. Сондықтан жеңіске жету үшін не істеу керектігін білемін. Тағы бір айтарым, 21 сәуірде елімдегі әр отбасы, әр қазақтың көзі экранда боларын білемін! Және әрқайсысы менен тек жеңіс күтеді. Міне  осы мені басты ынталандыратын! Мен үшін халқымның қуанышы кез келген белбеуден артық!».