Жеңіл салмақ дәрежесіндегі сайыпқырандардың осы кездесуі жайлы аралас жекпе -жектің танымал өкілі қазақстандық Қуат Хамитов өз пікірін білдірді, деп жазады Sports.kz.
«Бәрі Макгрегор Нурмагомедовты нокаутқа түсіреді деп санайды. Менің ойымша, Хабиб Конорды үшінші немесе төртінші раундта жеңеді. Қандай жағдай болмасын, айқас ұзаққа созылмайды»,- дейді Қуат.
Еске сала кетсек, Хабиб Нурмагомедов аралас жекпе-жекте 26 кездесу өткізіп, барлығында да басым түскен. Ал оның осы жолғы қарсыласы екі салмақ дәрежесінде UFC чемпионы болған Конор Макгрегор 24 жекпе-жектің 21-нде жеңіп, үшеуінде жеңілген.