Қазақстандық Mergen FC промоушен ұйымдастыратын жекпе-жек кешінде Хамитов өзбекстандық файтер Бобур Абдулазизовпен (12-9) жұдырықтасады.
MFC 4 аясындағы айқас Атырау қаласында өтеді. Турнир Астана уақытымен 20:00-де басталады.
Айта кетейік, қазақстандық файтер бұл жекпе-жек кешінде ресейлік спортшы Акоп Степанянмен кездесуі тиіс еді. Алайда ол банк шотының бұғатталуына байланысты Қазақстанға ұшып келе алмады.