Қуат Хамитовке қатысты іс сотта қаралып жатыр
16:57, 18 Қаңтар 2021
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстандық файтер Қуат Хамитовке қатысты іс сотта қаралып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Алмалы аудандық сотында ММА файтері Қуат Хамитовке қатысты іс қаралып жатыр. Күдікті ҚР ҚК 272 бабының 3-бөлімімен (билік өкіліне бағынбауға шақыру, жаппай құқықбұзушылыққа тарту, арандату, азаматтарға күш қолдануға шақыру) істі боп жатыр. Бас сот талқылауы 18 қаңтар сағат 14:30-ға белгіленген», - деді Алмалы аудандық сотының баспасөз қызметінен.
Айта кету керек, былтыр қыркүйекте қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат «Найман» Хамитов полиция бөлімшесіне жеткізілген болатын. Ол әлеуметтік желіде билікке қарсы күш қолдануға шақырған. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 272-бабы 3-бөлімімен іс қозғалды.