АСТАНА. ҚазАқпарат – Аралас жекпе-жек шебері Қуат «Найман» Хамитов әлеуметтік желідегі парақшасында келесі кездесуі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Достар, жарақат алуыма байланысты кездесу болмайтынын жеткізуге мәжбүрмін. Бұл кездесу Алматыда желтоқсанда ұйымдастырылатын болар», - деп жазды ол.
Айта кетсек, «Найман» 28 қазан күні армян файтері Давида Хачатрянмен TOP Fight промоушенінде титулды жекпе-жегін өткізеді деп жоспарланған еді.
Оның алдында Қуат Хамитов р есейлік нокаутерді бірінші раундта жеңген.
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Атырауда өткен Mergen Fighting Championship 3 турнирінде хедлайнер болып, ресейлік Василий Бабинцевпен (6-6) айқас өткізді.
Ресей файтері осы уақытқа дейінгі бүкіл айқастарын нокаутпен аяқтаған болатын. Бірақ осы жолы қазақстандық жекпе-жек шеберіне есе жіберді.
Гүлнұр Ғазизқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын «Қазақ әдебиеті», «Сақшы» газеттерінен бастаған. «Дала мен Қала» республикалық қоғамдық-саяси апталығында тілші, жауапты хатшы болып істеді. «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының тілшісі, «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі, Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы, «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары – бас редакторы болды.
Ақпарат саласының үздігі.
«ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылғы 1 сәуірден бастап істейді. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі басқарушы директорының орынбасары – қазақ редакциясының бас редакторы.