деп хабарлайды ҚазАқпарат банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл қаражат депозит түрінде орналастырылады. Банк сондай-ақ, «Global Building Contract» жобалау компаниясы үшін несие желісін ашты. Ол Алматыдағы "Сайран" мегауданындағы 46, 29 кварталдар мен "Үш төбе" және Астанадағы "Гранд Алатау" көпсалалы тұрғын үй кешендерін салуды және өзге де кешендердің жобалық-сметалық құжаттарын жасауды қаржыландыруға бағытталған.
Бұған дейін қарашаның 11-і күні Алматы қаласының әкімдігі мен "Самрұқ-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры арасында ынтыақтастық туралы меморандумға қол қойылған еді. Меморандумда Алматы қаласындағы үлестік тұрғын үй нысандары мен "Сайран" көп салалы тұрғын үй кешендерінінің құрылысын аяқтау үшін мемлекет бюджетінен 75 миллиард теңге бөлу қарастырылған болатын. Жалпы, өткен жылы Қазкоммерцбанк мемлекеттік бағдарламадағы нысандар құрлысының ірі қатысушысы болды. Банктің қаржыландыруымен Алматыда сегіз нысанның бесеуінің құрылысы аяқталып, 800 үлескердің мәселесі шешілді. Бұл -"Керемет", "Науаи", "Бұхар жырау", "Шахристан" және "Риял Алматы" деп аталатын тұрғын үй кешендері.