Қуаты 30 мың вольт тоқ соққан электрші аман қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Африка Республикасы тұрғынының биіктігі 30 метрлік электр желісі бағанасынан құлап аман қалғандығы видеоға түсірілген.

 Мексикалық Noreste Digital басылымының хабарлауынша,  энергия тарататын   бағанаға өрмелеп шыққан африкалық  азаматты электршіні қуаты 30 мың вольт тоқ екі рет соққан. 30 метр биіктіктен құлаған ер адам ешкімнің көмегінсіз-ақ орнынан өзі тұрып кетті.

Youtube видеохостингінде жарияланған роликті екі-үш күннің ішінде 18 мың адам көрген.